Қазақстан бадминтон құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Камерун астанасы Яундеде өткен ірі халықаралық турнирдің финалында өнер көрсетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ерлер арасындағы жекелей сайыстың шешуші ойынында қазақстандық спортшы Индонезия өкілі Прадиска Шудживомен кездесті.

Кездесу қарсыластың пайдасына 2:0 есебімен (21:13, 21:7) аяқталды.

Осылайша Дмитрий Панарин жарысты екінші орынмен тәмамдады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!