Еспелі слаломнан Таиландтың Районг қаласында өтіп жатқан турнирде Қазақстан құрамасы алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз Александр Куликов каноемен есуде жекелей сайыста топ жарды.

Айта кетейік, Кейго Ямамото (Жапония) екінші орын алды. Ал Севан Билло (Аустралия) үздік үштікті түйіндеді. Қуаныш Еренғайыпов төртінші орын алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!