Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан әлем кубогінде қола жүлдегер атанды. 

Ел құрамасы жартылай финалдық сайыста Италиядан 45:35 есебімен басым түсіп, үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетсек, аталған жарыста еліміздің ерлер құрамасы 2024 жылғы Париж Олимпиадасына лицензия алды,

Ел құрамасы сапында Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов сынға түсті. Енді олар Олимпиадада командалық сында жүлдеге таласады. Ал жекелей сында 3 спортшы бақ сынайды.

Грузиядағы кезеңде ерлер құрамасы Швецияны (45:32), сосын Германияны (45:36) жеңіп ширек финалға шықты. Қатар өткен кездесуде Оңтүстік Корея құрамасы Чехиядан жеңіліп, Қазақстан әлем рейтингінде үздік 4 команданың сапында қалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!