фото: baq.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы (ATP рейтингінде №76) Александр Бублик Туринде өткен Challenger 175 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл жарыс топырақ төсеніште өтті. Бублик 2016 жылдан бері дәл осы жабында алғаш рет финалға шығып, чемпиондық атақты иеленді.

Финалда Бублик Қытай теннисшісі Бу Юнчаокетені (ATP №73) екі сетте сенімді түрде жеңді — 6:3, 6:3.

Чемпиондық жолы:

1/16 финал: Маттео Джиганте (Италия, №164) — 6:3, 6:1

1/8 финал: Федерико Арнабольди (Италия, №194) — 0:6, 6:3, 6:3

1/4 финал: Томас Мартин Этчеверри (Аргентина, №51) — 6:2, 3:6, 7:5

1/2 финал: Даниэль Альтмайер (Германия, №71) — 6:2, 6:4

Финал: Бу Юнчаокете (Қытай, №73) — 6:3, 6:3

Бұл – Бубликтің топырақ жабындысында 8 жылдан кейінгі алғашқы трофейі, соңғы рет ол 2016 жылы Мәскеуде өткен фьючерс турнирінде жеңіске жеткен болатын.

Осылайша, Александр Бубликті ATP рейтингінде бірден 25 орынға көтеріліп, енді ол әлемнің 51-ракеткасы атанады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!