фото: stan.kz
Қазақстанның екінші, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева Уимблдон турнирінде сенсация жасап, әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңіп кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Осыған дейін Путинцева Швентектен бір сет басым түсіп көрмеген еді.
Кездесу үш сетке созылып, Путинцева 3:6, 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл қазақстандық теннисшінің мансабындағы ең ірі жеңістердің бірі.
1/8 айналымда Юлия Путинцева латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі.
Тағы бір қазақстандық теннисші Елена Рыбакина да Уимблдонның төртінші айналымына шықты. Қазақстанның үздік теннисшісі даниялық Каролин Возняцкиді 57 минут ішінде 6:0, 6: 1 есебімен жеңді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!