Фото: Видеодан скрин

Анталияда алғаш рет Қазақстан суперкубогінің финалы өтті. Ойында шымкенттік «Ордабасы» мен қостанайлық «Тобыл» кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Спорттық шарада Түркияда тұратын отандастарымыз бен ойынға арнайы келген қазақстандық жанкүйерлер бас қосты. Екінші таймның ортасында трибунада басталған төбелес жанкүйерлердің бір-біріне орындық лақтыруына ұласқан. 

Жаппай төбелеске жанкүйерлер тұрған сектордың бір-бірінен алшақ болмауы себеп болған деседі. 

Ойын қорытындысы бойынша есеп 1:1 болып, матч тең аяқталды. Ал пенальтилер сериясының қорытындысы бойынша «Тобыл» 6:5 есебімен жеңіске жетті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!