Фото: kazsports.kz

Қазақстандық мерген Елизавета Безрукова нысана көздеуден Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өтіп жатқан лицензиялық әлем кубогында жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын жаңартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ.

Елизавета Безрукова іріктеу сынында 50 метрден үш позицияда винтовкамен нысана көздеу сайысында 595 ұпай жинап, 1-орын иеленді. 2-орынға 593 ұпаймен Анита Манголд (Германия) жайғасса, швейцариялық спортшы Чиара Леон (592 ұпай) үздік үштікті түйіндеді.

Безрукова нысана көздеуден Шымкентте өткен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында ел рекордын орнатқан. Ол 10 метрге пневматикалық нысана көздеуден 632.7 ұпай иеленген болатын.

Айта кетейік, Каирде (Мысыр) өткен рейтингтік әлем кубогында қазақстандық мерген Никита Чирюкин 25 метрден тапаншамен жылдам нысана көздеуде күміс жүлде иеленген еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!