Қазақстандық Нөгербек Қазыбек 18 жасқа дейінгілер арасында рапидтен әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елордалық Astana шахмат клубының тәрбиеленушісі, FIDE шебері World Youth Rapid Championships жарысында топ жарып, үздік атанды. Турнир Грекиядағы Родос аралында 1 және 2 мамыр аралығында өткен.

«Қазір ғана World Youth Rapid Championships 2022 Open Under 18 жарысы аясында соңғы тур аяқталды. Мұнда біздің шәкіртіміз, FIDE шебері Нөгербек Қазыбек бірінші орын алып, 18 жасқа дейінгілер арасында чемпион атанды. Қазыбекті құттықтап, блиц-турнирде сәттілік тілейміз», – делінген клуб хабарламасында.

Аталмыш турнирде рапид және блиц бойынша жарыстар 8, 10, 12, 14, 16, 18 жасқа дейінгілер арасында өтеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!