Қазақстандық спортшы Хамзаальпер Ромашкин 2025 жылғы жасөспірімдер арасында таеквондодан (WT) әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Жарыс Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында ұйымдастырылды.
61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалда Канада өкілі Никола Самордичпен шеберлік байқасып, айқын жеңіске жетті.
Айта кетейік, әлем чемпионатына 81 елден 800-ден астам спортшы қатысып жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!