Фото: Сали Сабиров / ҰОК

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан қола жүлдеге ие болды, деп жазады KAZINFORM.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, отандасымыз Аида Ақылбекова 3 000 метрге жүгіру сайысында сәтті өнер көрсетіп, үздік үштіктен көрінді.

Спортшы 10:45.21 уақыт көрсеткішімен үшінші болып мәреге жетті.

Өзбекстандық Анастасия Сильченко жарыс жеңімпазы атанды – 09:43.61. Екінші орынды Қытай спортшысы Юй Сяосюань иеленді – 10:21.85.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!