Қазақстандық спортшы Аделаида Пчелинцева Түркияда өтіп жатқан Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
50 метрге брасс әдісімен жүзу бойынша Павлодар облысының 23 жастағы тумасы жеңіске жетті. Финалда қазақстандық 31,71 секунд уақытта мәреге жетіп, жаңа турнир рекордын орнатты.
Аделаида Пчелинцева – 50 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзу бойынша бұған дейін де рекорд орнатқан. 2018 жылы ол бұл қашықтықты 31,55 секундта бағындырды.
Бесінші Ислам ынтымақтастығы ойындары 2022 жылы 9-19 тамыз аралығында Түркияның Конья қаласында өтуде. 24 спорт түрінен бойынша жарысқа 56 елден төрт мыңнан астам спортшы қатысуда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!