Су спорты түрлерінен Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында әртістік жүзуден соңғы сайыс күні өтуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз әйелдер арасында өткен еркін бағдарламада кезекті медальға қол жеткізді, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Ясмин Тұяқова мен Даяна Жаманшалова 206.6363 ұпай жинап, Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Ал Өзбекстаннан барған Хадиша Агзамова мен Сабина Махмудова алтын медаль иеленсе (209.9784 ұпай), Қытай спортшылары Сыи Чэнь мен Юйтун Цзян 183.4671 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!