Паралимпиада ойындарында тарихи алтын мен қола жүлде жеңіп алған Ербол Хамитов елге оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айтулы жеңісінен кейін спортшыны әуежайда бір топ жанкүйер ерекше ыстық, ықыласпен қарсы алды.
Салтанатты іс-шара барысында чемпионға Астана қаласынан екі бөлмелі пәтер сыйға берілді.
Фото:Stan.kz
Осыдан кейін Ербол Хамитов барша жанкүйерлерге және қазақ еліне алғысын білдірді.
Айта кетейік, Ербол Хамитов XIV Қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына биатлоннан алтын жүлде салды. Сондай-ақ жарыстың алғашқы күнінде шаңғы жарысының 1500 метрлік классикалық спринт дисциплинасында қола жүлдеге ие болған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
