фото: UEFA
25 сәуірде Астанаға Еуропа футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) президенті Александер Чеферин ресми сапармен келеді. Ол бұған дейін де біздің елге келіп, «Қайрат» академиясында болған еді, – деп хабарлайды 1bol.kz.
Сапар аясында ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) басшылығымен кездесулер өткізеді.
Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман айтты.
«Бұған дейін Чеферин мырза Қазақстанда болған. Ол кезде «Қайрат» клубының академиясына барған, бірақ ол жеке сапар болған. Ал осы жолы ресми сапар болады», — деді Құрман.
Бұл ресми іссапар Қазақстан футболы күніне орайластырылған.
Кездесулер барысында келесі мәселелер күн тәртібінде болады:
- Қазақстандағы футбол инфрақұрылымын дамыту;
- Жастар және ұлттық құрамаларды қолдау;
- Ортақ халықаралық жобалар мен бастамаларға жол ашу.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!