Фото: «Барыс» хоккей клубы
KAZINFORM – Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 24 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Нефтехимик» (Нижнекамск) клубына қарсы өткізеді.
Кездесу Қазақстан уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.Қазірге дейін командалар 45 мәрте шеберлік байқасты. Оның 23-і елордалық команданың басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік ұжым жеңіске жетті.Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына есе жіберді.Турнир кестесінде «Барыс» 39 ұпаймен 19-орынға жайғасса, «Нефтехимик» 55 ұпаймен 12-орында келеді.Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан кейін бір ойынын елордада өткізіп, 28 қаңтарда «Адмирал» (Владивосток) командасымен кездеседі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!