Конькимен жүгіруден Калгариде (Канада) өткен әлем кубогі кезеңінде қазақстандық үш спортшы топ жарды.
Атап айтқанда, Екатерина Айдова әйелдер арасында 500 м қашықтық бойынша үздік атанса, ерлер арасында 1000 м қашықтықты бірінші болып бағындырған Денис Кузин жеңімпаз атанды. Ал ерлер арасында 1500 м қашықтық бойынша мәре сызығына бірінші жеткен Дмитрий Морозов алтын жүлдеге қол жеткізді.
Сондай-ақ 1000 м қашықтықта сынға түскен Екатерина Айдова аталған жарыста жеңіс тұғырына екінші рет көтерілді. Ол жеңімпаз Тайпей спортшысынан 1.04 секунд қана қалып, күміс медаль иеленді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!