Жерлесіміз Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен Хорватияның Динамо Загреб қаласында өткен Әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, қазақ жұртын қуантты. 26 жылдан кейін қазақ еліне алтын медаль сыйлаған палуанның Сыр елінен болғанының өзі үлкен мақтаныш. Жуырда Айдостың ізінен ерген ізбасарлары чемпионның ізін жалғап, жеңіс төрінен көрініп, аймақ мерейін үстем етті.
Нақтыласақ, 25-27 қыркүйек күндері Қарағанды қаласында ҚР VI Жастар спорт ойындары өтті. Еліміздің үздіктері бас қосқан бәсекеде 55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әмірмұхаммед Кабулов пен 60 келіде өнер көрсеткен Алпамыс Болатұлы қарсыласына шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты.
– Біз үшін кез келген бәсеке маңызды. Басты мақсат – жеңімпаз атану. Жаттығуда бас алмай, күні-түні еңбек етсек, өзіміз армандаған Әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарында топ жарамыз, – дейді қос балуан.
Осылайша, Қызылорда облысының командасы жалпы есепте үздіктер қатарынан көрініп, ІІ орын иеленді.
Жаттықтырушылар – Бахтияр Төлебаев, Алмат Ауешов, Мейірман Әлизақтар шәкірттерінің болашақта Әлем, Олимпиаданы бағындыратынына сенеді.
Абзал ЖОЛТЕРЕК
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!