Таеквондодан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші күнінде Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты.

Атап айтқанда, 55 келі салмақта Жавохирхон Исламов жартылай финалда сүрініп, үздік үштіктің қатарына енді.

59 кг салмақта Әлібек Шайкенов те қола медальге ие болды.

Бұған дейін жастарымыз екі күміс пен бір қола медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Әлем чемпионаты Болгарияның София қаласында өтіп жатыр.


 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!