Қазақстандық аралас жекпе-жек боксшысы Қуат Хамитов үлкен спортқа қайта оралатынын хабарлап, тағы бес жыл жекпе жек өткізуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін ол қаңтар оқиғасы кезіндегі жайттардан кейін спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеген болатын.
«Құрметті достар, мен үлкен спортқа ММА-ға оралғанымды ресми түрде жария еткім келеді! Қазір мен жарақат алдым. Бірақ бұрынғы кездегідей көзімнен от пайда болғанын сезініп, тағы да жекпе-жекке шығуға дайынмын. Мен тағы бес жыл жекпе-жек өткізе аламын. Сондықтан да өзім үшін бұндай маңызды шешім қабылдадым», – деп жазды спортшы Instagram парақшасында.
Қуат Хамитов 34 жаста. Ол 10 жыл бойы 30-дан астам жекпе-жек өткізген. Еншісінде 23 жеңіс, жеті жеңіліс және бір тең ойын бар.
Еске салсақ осы жылдың қаңтар айында Қуат Хамитов кәсіби мансабының аяқталғанын мәлімдеді. Бұл қаңтар оқиғасына қатысқаны үшін ұсталған соң қабылданған шешім болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!