Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов ресейлік файтер Александр Шлеменкоға есе жіберді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Қуат Хамитов пен Александр Шлеменко Екатеринбургте (Ресей) өткен RCC 19 турнирінде кездесті. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Шлеменко төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (30-26, 30-26, 30-27).

Қазір Шлеменконың есебінде 65 жеңіс, 15 жеңіліс бар. Бір жекпе-жегінде қарсыласымен тең түссе, тағы бір жекпе-жегі нәтижесіз аяқталған.

Ал Хамитов кәсіпқой MMA-да тоғызыншы рет жеңілді. 36 жастағы қазақстандықтың активінде 24 жеңіс бар. Бір жекпе-жегі тең есеппен аяқталған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!