KAZINFORM – Қазақстан спортшылары бүгін Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында төрт медаль еншіледі.
Нақтырақ айтсақ, Ардана Маханова және Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан әйелдер арасында синхронды секіру сынында 59.16 ұпай жинап, үшінші орыннан көрінді. Бұл – Қазақстан делегациясының Харбин қысқы Азия ойындарындағы оныншы жүлдесі.
Қазақстандық спортшылар Шерзод Хаширбаев және Роман Иванов фристайл-акробатикадан ерлер арасында синхронды секіру сынында 97.92 ұпай жинап, ел қоржынына екінші алтын медаль сыйлады.
Ерлер арасында биатлоннан 10 шақырым спринт додасында қазақстандық Владислав Киреев және Вадим Куралес ел қоржынын бір алтын және бір күміс медальмен толықтырды.
Осылайша, Қазақстан делегациясының медальдар саны 13-ке (3 алтын, 6 күміс және 4 қола) жетіп, жалпы есепте 4-орында келе жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!