Бүгін «Қайырымдылық керуені» апталығы аясында «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Талсуат және Тасбөгет оңалту орталықтарындағы ерекше жандарға арналған спартакиада өтті.
«Жарысқа шық жанұя» спартакиадасына ем алушы 10 жеткіншек ата-анасымен бірге қатысты.
Көңілді әрі тартысты ойынға облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Айбек Дайрабай, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, облыстық ҚХА жанындағы волонтерлар орталығының үйлестірушісі Мақпал Тілеубекова қазылық етті.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!