Бүгін Алматы қаласында “Хабар” агенттігінің 30 жылдық мерейтойы аясында есімі елге белгілі спорт журналисті, қазақ журналистикасының жарық жұлдызы Амангелді Сейітхановты еске алуға арналған шағын футболдан дәстүрлі республикалық турнир өтті.

БАҚ өкілдері бас қосқан ала доп бәсекесінде еліміздің әр өңірінен келген 14 команда бақ сынасып, Сыр өңірінің журналистерінен құралған «Ақмешіт» футбол командасы үздіктер арасында топ жарып, екінші мәрте чемпион атанды.

Еске салсақ, сырбойылық қаламгерлерден құралған “Ақмешіт” командасы 2023 жылы да дәл осы республикалық турнирде жеңімпаз атанған болатын.

Команда мүшелерін жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!