Шымкентте қазақ күресінен жас­тар арасында ел біріншілігі өтуде. Бүгін жеңіл салмақтағы балуандар өзара мықтыны анықтады.
Қызылорда облысының намысын қор­ғаған балуандар арасынан Самал Мәлік­қызы ғана жарыстың биік сатысына көте­рілді.
52 келіде сынға түскен балуан қыз ал­дымен жарыс қожайыны Ғазиза Нұр­мұхамед­қызының жауырынын жерге ти­гізді. Ширек финалда елордалық Мади­на Жомартовадан айласын асырса, жар­тылай финалда Түркістан облысының спорт­шысы Гүлбаһар Журабайды жолы­нан тайдырды.
Ақтық сынның бәсекесі Самал үшін қиын­дық тудырмады. Ұлытаудың балуаны Алуа Қазықанның алтын үшін белдесуде Сыр саңлағына күші жетпеді. Бозкілемде әдемі әдіс жасаған Сыр мақтанышының ел чемпионатында мерейі үстем болды.
Осылайша Самал Мәлікқызы Қазақстан чемпионатында алтын тұғырдан көрінді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!