Фото: Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті
Sputnik. Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен үшінші рет әлем чемпионы болды.
Ризабек 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында 97 келіге дейінгі салмақта белдесіп, финалда ирандық қарсыласын айқын жеңді.
Өткен жылы Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында әлем чемпионы атанды – бұл Қазақстан тарихындағы еркін күрес балуандары арасындағы алғашқы алтын.
Ал биыл 20 жастағы Айтмұхан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!