фото: aikyn.kz

Иорданияның астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына Қазақстан құрамасының спортшысы Ризабек Айтмұхан финалға шықты. Енді ол қола медаль үшін күресетін болады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жерлесіміз жартылай финалда ирандық Мохаммадмобин Азимимен кездесті. Тартысты белдесуде қазақстандық балуан 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал Рахат Қалжан 57 келіге дейінгі салмақта ирандық Джахангир Вализадеге 0:3 есебімен жол берді. Енді ол қола медаль үшін күресетін болады.

Айта кетейік, финалдық бәсекелер Астана уақытымен 20:00-де басталады. 

Естеріңізде болса, Ризабек Айтмұхан бұған дейін былтыр Таразда өткен халықаралық турнирдің жартылай финалында жеңіліп қалған болатын. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!