Фото: Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті
KAZINFORM — Қазақстандық еркін күрес балуаны Ризабек Айтмұқан (97 келі) Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен халықаралық Super 4 Wrestling турнирінде жеңімпаз атанды.
Финалдық белдесуде ол ресейлік Әлихан Кцоевты 3:0 есебімен қапы қалдырды. Нәтижесінде халықаралық турнирдің чемионы атағын жеңіп алды.
Отандасымыз одан бұрын болгариялық Ахмед Батаевтан басым түсті.Айта кетсек, Ризабек Айтмұқан 2023 жылы әлем чемпионы атанса, 2023, 2024, 2025 жылдары Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.
Еске салсақ, бұдан бұрын 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Данияр Қайсанов еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды.
Данияр Қайсанов 2017 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетті. 2019 жылы ол әлем біріншілігінде үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ оның еншісінде Азия чемпионатының екі алтын медалі бар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!