KAZINFORM — Қазақстандық еркін күрес балуаны Ризабек Айтмұқан (97 келі) Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен халықаралық Super 4 Wrestling турнирінде жеңімпаз атанды.
Финалдық белдесуде ол ресейлік Әлихан Кцоевты 3:0 есебімен қапы қалдырды. Нәтижесінде халықаралық турнирдің чемионы атағын жеңіп алды.
Отандасымыз одан бұрын болгариялық Ахмед Батаевтан басым түсті.
Айта кетсек, Ризабек Айтмұқан 2023 жылы әлем чемпионы атанса, 2023, 2024, 2025 жылдары Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
