Фото: Олимпиада комитеті

Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Түркияда өтетін халықаралық турнирде өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Лицензиялық турнирге жолдама ала алмаған Ризабек Айтмұхан Түркиядағы Яшар Догу және Вехби Эмре халықаралық турнирінде бақ сынайды. 8-10 наурыз аралығында өтетін дода Ризабек үшін жаңа салмақтағы алғашқы халықаралық турнир болмақ. 

Айта кетейік, Яшар Догу және Вехби Эмре рейтингтік турнирінде Қазақстан құрамасынан еркін, грек-рим және әйелдер күресінің екінші нөмірлі балуандары өнер көрсетеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!