Футболдан Португалия құрамасы мен «Ювентус» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлем рекордын жаңартты.

Роналду XXI ғасырда мыңнан аса матчта алаңға шыққан алғашқы футболшы атанды. Ол мансабында 1047 ойынға қатысқан. 

Екінші орынға Испания құрамасы мен «Реалдың» қақпасын қорғаған Икер Касильяс жайғасты. Ол ХХІ ғасырда 974 матч өткізсе, өткен ғасырда 74 матчта алаңға шығып үлгерген. 

Көп матч өткізген футболшылардың үштігін «Сан-Паулудың» жейдесінде доп теуіп жүрген Дани Алвес түйіндеді. Ол 969 матчта алаңға шыққан. 

ХХІ ғасырда ең көп ойын өткізген футболшылар:

Роналду – 1047 матч
Касильяс – 974 матч
Дани Алвес – 969 матч
Хави – 937
Ясухито Эндо – 909
Златан Ибрагимович – 907
Рожерио Сени – 904
Лионель Месси – 902
Джанлуиджи Буффон – 852
Хавьер Дзанетти – 717

massaget.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!