Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, US Open–2003 чемпионы, америкалық Энди Роддик қазір әлемнің бесінші ракеткасы атанып отырған қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның 2026 жылғы маусымда «Үлкен дулыға» турнирін жеңіп алуына толық мүмкіндігі бар деп есептейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сарапшының айтуынша, Рыбакина өзін драфтта бірінші нөмірмен таңдалған ойыншыдай сезінеді.
Бұл драфтта Рыбакина бірінші болып таңдалды делік, ал қалғандары кім? Арина Соболенкоға, Ига Швёнтекке, Кори Гауффқа қарайсыз, бірақ меніңше, дәл сол ойыншы – Рыбакина. Ол жылды өте мықты аяқтады. Ойын мәнері тұрақталғандай көрінеді. Келесі жылы мэйджор турнирін жеңіп алады деп ойлаймын, еш күмәнім жоқ. Қабілет деңгейі жағынан ол ең жоғарғы эшелонда, әрі бәрі оған жеңіл берілетіндей әсер қалдырады. Оның ойынына тәнті болмау мүмкін емес, енді 2026 жылдың не әкелетінін көрейік, – деді Роддик Served with Andy Roddick подкастында.
2025 жылғы маусым Елена Рыбакина үшін кәсіби мансабындағы еңтабысты кезеңдердің бірі болды.
Қазақстандық теннисші WTA-500 санатындағы екі турнирде – Страсбург пен Нинбода топ жарып, ал жылдың басты жетістігі ретінде Эр-Риядта өткен WTA Қорытынды турнирінде мансабындағы алғашқы чемпиондық атағын жеңіп алды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!