Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирінің ширек финалындағы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл айналымда америкалық теннисші София Кенинмен кездесті. Ол осы турнирдің былтырғы чемпионы италиялық Жасмин Паолиниді жеңген еді.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:2, 7:6(7:2) есебімен жеңді.

Рыбакина 17 эйс жасап, үш қос қателік жіберді, бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Елена Рыбакина енді турнирдің финалына шығу үшін әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік теннисші Мира Андреевамен күш сынасады. Ол ширек финалда «Үлкен дулыға» турнирінің бес дүркін чемпионы, әлемнің екінші ракеткасы Ига Швентекті 6:3, 6:3 есебімен ұтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!