Қазақстандық теннисші 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің ширек финалына өтті.

Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open турнирінің 1/8 финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Tengri Sport.

Елена Рыбакина дүниежүзінің 39-ракеткасы, бельгиялық теннисші Элизе Мертенспен ойнады. Матч 1 сағат 46 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің ширек финалына өтті. Айта кетейік, бұл – Елена Рыбакинаның қатарынан 11-жеңісі.

Енді ол турнирдің келесі кезеңінде дүниежүзінің 25-ракеткасы, италиялық теннисші Мартина Тревизанмен ойнайды.

Фото: twitter/WTA

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!