Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші кезеңіне өтті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Екінші айналымда қазақстандық спортшы Румыния өкілі Жаклин Кристианмен кездесті.

Кездесу екі сетке созылып, Елена Рыбакина 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

1/8 финалда Елена Рыбакина Чехия теннисшісі Линда Носковамен кездеседі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!