Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбенде (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалына өтті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда рейтингте 25-орында тұрған испаниялық Паула Бадосамен бетпе-бет келді.
Қарсыластар бұған дейін сегіз рет кездесіп, төрт-төрттен жеңіске жеткен еді. Кейінгі үш ойында Елена Рыбакина ұтқан болатын.
Бұл жолы бірінші партияда 2:0 есебімен Паула Бадоса алға шыққанымен, Елена Рыбакина таразы басын теңестіріп қана қоймай, брейкпен тәмамдады: 6:3. Екінші сетті де қазақстандық теннисші қарқынды бастады: 3:0.
Кездесу 1 сағат 23 минутқа созылған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!
