Садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы Тайланда Азия кубогінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл күндері Пхукетте садақ атудан Азия кубогі өтіп жатыр. Қазақстан ерлер құрама командасы классикалық садақ түрінен командалық жарыстың финалына шықты. Отандастарымыз финалда Үндістан құрамасымен кездеседі. Қазақстан құрамасы сапынан Ильфат Абдуллин, Санжар Мұсаев және Дәулеткелді Жаңбырбай бақ сынап жатыр. Айта кетсек, финалдық бәсеке 19 наурыз күні өтеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!