Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротковты еске алуға арналған турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Бибосынов ресейлік Денис Пальшинмен кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Сәкенге берді.

Айта кетері, бұл – Қазақстанның осы турнирдегі алғашқы алтын медалі.

Еске сала кетейік, Сәкен 2021 жылғы әлем чемпионатында алтын алса, 2019 жылы қола жүлдегер болды. 2020 жылы Токио Олимпиадасында үздік үштікке енді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!