фото: «Қайрат» футбол клубы
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев наурыз айының соңында Астанада өтетін FIFA Series турниріне қатыспайды. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
17 жастағы футболшы бұған дейін ұлттық құраманың ақырғы тізіміне енген болатын. Алайда кейін оны құрамнан шығару туралы шешім қабылданды.
Ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфиновтың айтуынша, бұл шешім Лондонның «Челси» клубының медициналық штабының ұсынымдарына байланысты қабылданған. Дәрігерлер ойыншыға наурыздағы халықаралық үзіліс кезінде толық қалпына келуіне мүмкіндік беруді ұсынған.
Құрама дәрігерлерімен кеңескеннен кейін бапкерлер штабы Сәтпаевты турнирге шақырмау және оның толық жазылып шығуына жағдай жасау туралы шешім қабылдады.
Оның орнына ұлттық құраманың жаттығу жиынына шабуылшы Оралхан Өміртаев шақырылды. Бапкердің сөзінше, оның физикалық формасы қазір жақсы және алдағы матчтарда командаға көмектесуге дайын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!