Фото: sports.kz

KAZINFORM — Тараз қаласында 27-28 желтоқсан аралығында футзалдан Қазақстан кубогының финалдық ойыны өтті.

Басты жүлдені «Ақтөбе» мен «Семей» командалары өзара сарапқа салды. 

Айта кетейік, жартылай финалда «Ақтөбе» алматылық «Қайратты» 5:4 есебімен тізе бүктірсе, «Семей» «Атыраудан» 4:3 есебімен басым түскен болатын. 

Бүгінгі тартысқа толы ойында семейліктер 5:2 есебімен жеңіске жетіп, қатарынан екінші рет кубок жеңімпазы болды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!