Фото: instagram.com/mfc_atrium
Шағын футболдан Қазақстан құрамасы екінші мәрте 6×6 форматындағы Socca Eurocup-2024 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Кеше, 12 мамырда Қазақстан және Хорватия құрамалары шағын футболдан Еуропа кубогының финалында кездесті. Бұл ойын 3:0 есебімен қазақстандықтардың пайдасына шешілді. Алғашқы таймда Абай Елемесов (2-минутта) және Бекруз Пишкар (15-минутта) гол салса, екіншті таймда Талғат Өтепбергенов (39-минутта) мергендік танытты.
Осылайша, шағын футболдан Қазақстан құрамасы екінші рет Еуропа чемпионы атанып отыр. Өткен жылы қазақстандықтар финалда Румыния құрамасын буллит сериясында ұтып, жеңімпаз болған еді.
Socca – шағын футболдың бір түрі. Бұл жерде ойыншылар саны мен алаңның көлемінде айырмашылық болады. Матч 6×6 ойыншы форматында, 20 минуттан екі тайм бойынша өтеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!