Динара Садуақасова әлемнің үздік 8 гроссмейстер қатарына енді. Ол мұндай дәрежеге өткен жылы Сочи қаласында өткен әлем чемпионатында жетті. Бұан бөлек Динара шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы, жабық Азия ойындарының жеңімпазы, студенттер арасында Еуропа чемпионы, әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі гроссмейстер. Әлемнің үздігі атанған Динараның шахматтағы биікке жетуінің сырын сұрадық.

– Динара, атақты forbes журналының мәліметінше, үздік 8 гроссмейстер қатарына еніпісіз. Бұл Сочидегі жарыстың нәтижесімен байланысты болса керек…

– Иә, өткен жылы шілде айында шахматтың үздіктері Ресейге бет бұрды. Сочи қаласында 12 шілде мен 6 тамыз аралығында кіл мықтылар әлем кубогының жүлделерін сарапқа салды. Өте тартысты ойын болды. Көп тәжірибе жинақтадым. Америкалық Дженнифер Юмен өткен жарыс жақсы әсер сыйлады. Бұл сайыста 2 партияда да жолым болып, жеңіске жеттім. Армениялық  Элина Даниелянды да жеңіп, ширек финалға дейін барып, үздік 8 шахматшының қатарына кірдім.

– Әлемдік танымал шахматшылар латштық Михаил Таль, Каспаров, Карпов секілді шын шеберлер «Бенони» тәсілін жиі қолданады. Сіздің ойнау тәсіліңіз қандай болды?

– Бенони шахматтағы ең өткір қорғаныстың бірі және өте күрделі тактикалық ойынға апарып тірейді. Бенонидың шебері – өзіңіз айтқан Михаил Таль. Бұл әдісті кей ойындарда қолданамын. Рагозин, алехинқорғаныстарын да тактикамнанжиібайқауғаболады.

– Егер сізге кез келген шахматшымен ойнауға мүмкіндік берілсе, кіммен кездесер едіңіз?

– Егер көзі тірі болса, кеңес заманындағы ең озық шахматшылардың бірі Михаиль Тальмен ойнаушы едім. Ол көпшіліктің жадында ерекше ойындары мен қызықты әдістерімен есте қалды. Фишермен бір партиядан бас тартпас едім. Қазір есімі дүркіреп тұрған әлем чемпионы норвегиялық Магнус Карлсенмен ойнасам, тартысты ойын болатынына сенімдімін. Арманым – ерлер арасында элитаның құрамына ілігу. Ол үшінең алдымен ерлер арасында гроссмейстер атану керекпін. Ақырын жүріп, анық басып, діттеген арманыма ұмтылып жатырмын.

– Идеалыңыз Гари Каспаров екен. Атақты шахматшыдан не үйрендіңіз?

– Бір қызығы, спортта кумирім жоқ . Дегенмен сіз дұрыс айттыңыз, Гари Каспаровтың ойынына таңданамын. Оның күші мен әмбебаптығы мені таңқалдырады.

– Хәкім Омаров мектебінде шахматтың қыр-сырын үйрендіңіз. Осы мектептің өзгелерден ерекшелігі неде?

– Өзге мектептің тәлімін көрмегесін артықшылығын, кемшілігін айта алмаймын. Бірақ  елдегі шахмат мектептерінің барлығы жақсы. Өйткені кез келген мектеп  шахматтың дамуына үлес қосады. Омаров мектебіне қалай келді деген сұрақ туындауы мүмкін. Осыдан он тоғыз жыл бұрын анам әпкемді, ағамды және мені аталған шахмат клубына апарды. Біздің алғашқы бапкеріміз Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Ольга Черепанова болатын. Біз одан жақсы тәлім-тәрбие алдық. Ағам Арсен мен әпкем Айнұрдың шахматтан спорт шеберіне үміткер деген атағы бар.

– Бүгінде екі кітаптың авторысыз. Екеуінің айырмашылығы қандай?

– Алғашқысы «Шахматтағы алғашқы қадам» («Первые шаги в шахматах») атаумен жарық көрді. Бұл кітапта шахмат әлеміне қалай келгенім, жетістікке жету үшін қандай қадамдарға барғаным баяндалады. Ал екіншісі «Шахмат ойнап үйренейік». Кітапта шахмат алфавиті бар. Шахмат, тарих, ережелер, тактика, тапсырмалар, эфирлерді шешу, тапсырмаларға жауаптар, ойын барысында мінез-құлық ережелерін білу – мұның бәрін оқулықтан табуға болады. Жалпы Қазақстанда халықаралық шахмат техникасын әлемдік чемпионаттар мен халықаралық турнирлерді пайдалана отырып көрсететін қазақ тілінде оқулықтар жоқ. Кітап жазу маған оңайға соқпады. Өйткені отандық тілде мұндай кітап жоқ еді. Қазақ тілінде көптеген шахмат терминдері жоқ. Сондықтан мен осы кітапты құрған кезде филологтарға кеңес бердім. Бұл басылымды мектептерде және әртүрлі білім беру орталықтарына таратуды жоспарлап отырмын. Теориялық кітаптар – шахматтың бизнес-күрес үлгісінің бірі.

– Көркем гимнастика мен биді тастайтындай шахмат несімен баурап алды?

– Шахмат – құпиясы мол, өте тартымды, тұңғиық әлем. Оның бар құпиясын игеру екінің біріне бұйыра бермеген. Бір жүрістен кейін екінші жүрісті ұтымды ұйымдастыру жолында өзіңмен өзің іштей арпалысып, зердеңде қарсылысыңа қарымта қайтару үшін бір сәтте бірнеше жүрістің ыңғайын байқап көресің. Бұл – енді ғажап процесс. Сол сәтте айналаңда болып жатқан әрекеттің ешқайсысы да елең еткізбейді, бейнебір оның бәрі сенен басқа, өзге жерде өтіп жатқандай. Өзіңмен өзің, бар сана мен зейінің тек алдыңдағы шаршы тақтадағы фигураларда болады. Көз алдыңнан түрлі комбинациялар өтеді. Ыңғайлы жүрісті тауып, ол жемісін берген кезде кез келген спортшы бастан өткерер керемет сезім бойды кернеп, бақыт бесігінде тербелгеніңді сезіну – ерекше шабыт сыйлар, бейнебір бір сәтке көкте қалықтап бара жатқандай, бүкіл жан дүниеңізде байқалар ғажап әсер адамға керемет рухани күш сыйлауымен құнды. Сөз жоқ, мұндай көңіл-күй келесі бір жеңістерге жігерлендіріп, алға ұмтылдырады, келесі бір биіктерді бағындыруға жетелейтіні рас. Шахматтың осындай құбылысы өзге спорттан бас тартқызды.

– 4 тілде еркін сөйлейді екенсіз. Бұлардың қатары көбейе ме?

– Шетел жазушыларының шығармасымен көбірек танысу үшін тіл үйрендім. Бүгінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен бөлек, корей тілінде еркін сөйлеймін. Француз және араб тілдерін үйрену үстіндемін. Корей тілін үйренудегі басты себеп, аталған елді ерекше құрметтеймін. Олардың салт-дәстүрі, ұлттық тағамдары қатты ұнайды. Ал француз тілі – әдемі естілетін әрі нәзік тіл. Оны меңгеру арқылы мен сол елдің жазушыларының еңбегін аудар­масыз оқығым келеді.

– Шахматтантыснемен айналысасыз?

– Спортшылардың барлығы да шаршайды. Мұндай кездердееңбастысы, өзіңежайлы атмосфера жасағанжөн. Мысалы, мен Астанадаболсам, қаланыаралағандыжақсыкөремін, таза ауадасеруендеймін. Жақсыкөретінмузыкалардытыңдап, кітапоқимын. Бұларстрестіжойып, шахматтыңрежимінеқайтақосылуымасептігінтигізеді.

– Шахматтыүйренгісікелетіндердіңалғашқықадамықандайболуыкерек?

– Шыдамдылық. Шахматпентағдырынбайланыстырамындегенжантөзімдіболмаса, бәрібекергеайналуыықтимал. Мұндабастыжолдасың – сабырлылық. Шахмат – байсалдыәрібайыптылықты, сабырлылықтықажетететін спорт түрі. Асықпай, тек көзалдыңдағы шахмат тастарынанбасқаешнәрсені де елеңетпей, бар санаңтақтадаотырғандаойыңдыбөлу – сәтсізшешім.

Әңгімелескен

Ерасыл ШӘРІБЕК

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!