Винисиус Жуниор. Фото: Ryan Pierse/Getty Images

Испаниялық Marca басылымы 2024 жылдың «Алтын доп» иегерінің есімін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Дереккөздің мәліметінше, 2024 жылдың үздік футболшысына табысталатын «Алтын доп» жүлдесінің жеңімпазы «Реал Мадридтің» 24 жастағы шабуылшысы Винисиус Жуниор болады. Сонымен қатар бразилиялық ойыншының өзі де жеңісіне сенімді көрінеді. Еске салайық, «Алтын доп» жүлдесін табыстау шарасы 28 қазан күні Париждегі «Шатле» театрында өтеді.

Айта кетейік, өткен маусымда Винисиус Жуниор мадридтік «Реалмен» Испания чемпионатын, чемпиондар лигасын және Испания Суперкубогын жеңіп алған еді. Барлық жарыстарда 49 ойын өткізіп, 26 гол және 13 ассистпен көзге түсті.

Винисиус 2018 жылы бразилиялық «Фламенго» футбол клубынан «Реал Мадридке» 45 миллион еуроға ауысқан болатын. Ал қазіргі келісімшарты 2027 жылға дейін созылады. Шабуылшының Transfermarkt порталындағы құны 180 миллион еуроны қүрайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!