Шымкентте “Ақсу” мен “Ордасбасы” арасындағы матч қайғылы оқиғамен аяқтала жаздады. Тура ойын кезінде шатырдың бір бөлігі алаңға қарай құлап кетіп, командалар арасындағы тартыс уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ойыншылар мен жанкүйерлер арасында зардап шеккендер жоқ. Осы кезде мегаполисте қатты жел соққан.

“Ақсу» және «Ордабасы» командалары арасындағы футбол матчы кезіндегі шатырдың опырылуы фактісі бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

«Бүгін «Әл-Фараби» РҰП-тың 102 пультіне стадионның шатырының опырылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы келді. Осы фактіге орай полицейлер 1-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. 278 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiндегі «Сапасыз құрылыс» бойынша барлық қажетті сараптамалар тағайындалды», – делінген полиция хабарламасында.

21 мамыр күні Шымкентте Әл-Фараби ауданы Майлы қожа көшесінің бойында желдің күшеюінен дауыл екпіні 20 м/с жеткен. Салдарынан Қажымұқан стадионының бас ғимаратының шатыры құлады. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнында өрт сөндіру қызметкерлері жел жұлып кеткен шатырды бөлшектеп жатқанын хабарлады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!