Осы аптада Қызылорда қаласының «NOMAD MMA» Федерациясының ашық чемпионаты өтті. Жарыстың ашылу рәсімінде қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов қатысушыларға сәттілік тіледі.

 «Қазірдің өзінде әлемдік ареналарда еліміздің даңқын асқақтатып, көкбайрағымызды желбіретіп, әнұранымызды әуелетіп жүрген мықты спортшыларымыз жетерлік. Солардың ізбасарлары – өздеріңіз. Сондықтан жарыстың жас қатысушыларына рух пен жігер, күш-қуат тілеймін», – деді Б.Балғабайұлы.

Ашық чемпионатқа облыстан 110 спортшыдан құралған 6 команда қатысты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!