Бүгін 30-тамыз Ата Заңымыз Конституция күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты 68 мемлекеттік мекемесінің тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен сотталғандар арасында спорттық сайыс өтті.

Спорт әрбір адамзат баласына тигізер пайдасы мол. Осы орайда тәрбие бөлімінің басшысы Ерлан Бегімұлы сотталғандарды алдымен сапқа тұрғызып, ҚР мемлекеттік әнұранын шырқатты. Шара барысында, кадр тобының аға инспекторы әділет капитаны Мирамбек Тұрымбетов қатысушыларға сәттілік тілеп, төрелік етті.

Шараға қатысушылар үшін ойын үш бөліктен құралды. Ең алдымен «гір тасын » көтеруден бақ сынасты. Кейін үш топқа бөлініп арқан тартысып, екі адамнан бірлесіп қол күресті. Енді бірі өздерінің күшін сынау мақсатында турникке тартылып жеңістің туын қанжығасына байлады. Жеңіске жеткен үш сотталған азаматқа арнайы марапат грамотасы беріліп, шара соңы топқа бөлініп футбол ойынын ойнау мен аяқталды.

– Ең алдымен ҚР барлық азаматтары мен азаматшаларын бүгінгі келіп жеткен Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мереке қарсаңында мекемемізде шаруашылық жұмысқа қалдырылған сотталған азаматтар арасында спорттық сайысты ұйымдастырып, олардың спортқа деген махаббаттарын жандандырып, және де денсаулыққа пайдасын тигізетін спорт түрлерін қарастырған болатынбыз. Нәтижесінде үш жазасы өтеуші азамат жеңіс иелері атанды. Мұндай шараларда өздерін көрсетіп, белсене атсалысып, мақтау қағазын алу олар үшін пайдасы көп. Себебі, сот барысында олардың тәртіптеріне, белсенділіктеріне қарай үкім шығып, мерзімінен бұрын босатылады немесе жазасын өтеу мерзімі қысқартылады. Ең бастысы еліміз тыныш жұртымыз аман болсын деп сөзін аяқтады, -АКАӘПТЖББ-нің бастығы әділет капитаны Романқұлов Ерлан Бегімұлы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!