Игі істердің бастамашысы Pro Bono қоғамдық қоры тағы да ауқымды спорттық шаралар кешенін ұйымдастырды.
Саламатты өмір салтын ұстануға ұмтылатын барлық жасөспірімдер денсаулық акциясына қатысып, қызықты шаралардың, ойындар мен жаттығулардың, керемет тосынсыйлар мен көңілді атмосфераның куәсі бола алды.
«Қала көлемінде аула клуб жұмысын ұйымдастыту» әлеуметтік қызметі аясында екі ай ішінде тұрғын үйлердің аулаларында күнделікті спорттық іс-шаралар өткізілді, оған 900-ден астам жастар қатысты.
«Қатысушылардың көз алдында үлкен қуаныш пен шаттық бар. Іс – шаралар қорытындысы мен шынайы пікірлер бойынша жергілікті жастардың спортпен шұғылдануға деген құлшынысы жоғары деп сеніммен айта аламыз», – дейді «Pro bono» ҚҚ директоры П.Горбачев.
Спорт – әрдайым денсаулықтың кепілі, әсіресе қазіргі уақытта дені сау ұрпақ пен мықты иммунитеті бар жастар – қаламызда жүргізіліп жатқан санитарлық шаралардың, өңіріміздегі денсаулық сақтау орындары мен барлық көшелерде орнатылған шынығу орындарының арқасында салауатты қоғам, дағдарыс пен пандемияның барлық қиындықтарына төтеп бере алатын әлеуетті орта қалыптастыруда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!