Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегерлері Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа жұмсайтынын жеткізді.
Кеше Қазақстан бокс федерациясы олимпиадалық команданы марапаттау мақсатында баспасөз мәслихатын өткізді. Федерациясының басшылығы спортшылар мен жаттықтырушыларды ақшалай сыйақымен марапаттап, Олимпиадаға қатысқан басқа да боксшыларға бағалы сыйлықтар табыстады.
Айта кетейік, Олимпиада ойындарында қола жүлде алған спортшыларға осыған дейін 75 мың доллар сыйақы берілді. Бұған дейін еркін күрестен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, балуан Нұрислам Санаев та мемлекеттік сыйақыны қайырымдылыққа жұмсайтынын айтқан болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!