фото: egemen.kz

Бүгін Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогының» чемпиондары анықталады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Жарысты бірінші болып, күндізгі сессияда бұрымды боксшылар бастайды. Алайда, ерлер арасында жекпе-жектер басталмай тұрып Бекзат Нұрдәулетов аталған турнирдің чемпиондық атағына қол жеткізді. Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрбек Оралбай финалға шықпайтын болды. Ол 86 келіде жолын Бекзад Нұрдәулетовке берді. Нұрбекке құрмет. Бекзат бұл салмақта чемпион болды, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар 75 келі салмақтың финалында жолдары түйіскен отандастарымыз Тимур Нұрсейітов пен Сабыржан Аққалықов арасындағы жек-жек те өтпейтін болды. Нұрсейітов жарақатына байланысты шаршы алаңға шығудан бас тартты. Осылайша 75 келіде «Странджа» халықаралық турнирінің чемпиондық атағына Аққалықов ие болды. Ал Нұрбек Оралбай мен Тимур Нұрсейітов күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Айта кетейік, отандастарымыз 1994 жылдан бері «Странджа» бәсекесіне қатысып келсе де, турнирдің тарихында бірінші рет биыл финалда қазақ боксшыларының жолдары бір-бірімен түйіскелі отыр.

Бұған 25 боксшымыздың қатысуы мен жеребе барысында жерлестеріміздің қос тарапқа түскені себеп болған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!