Орталық алаңда «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігі және облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында «Street Workout» спорт түрінен сайыс өтті.
Сайысқа 30 жуық жас қатысты. Ашық аспан астында сынға түскен қатысушылар белсенділік тынытып, көрермен көзайымына айналды. Үздік деп танылғандарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы алғыс хат және сыйлықтар табысталды. Нәтижесінде турниктен І орын Шыңғыс Бердиевқа, ІІ орын Берекет Дарханбайға, ІІІ орын Айбын Сейіткамалға бұйырды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!