Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек (17-0, 12 КО) Болтонда (Ұлыбритания) кезекті жекпе-жегін өткізді. Аргентиналық Роман Рубен Рейносомен (22-4-2, 10 КО) жұдырықтасып, кездесуді ерте аяқтады, – деп хабарлады Massaget.kz.

Екінші жартылай жеңіл салмақта өткен кездесу 10 раундқа жоспарланған еді. Сұлтан қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутпен жеңіп шықты. Оған дейін екі рет нокдаун да жасап үлгерді.

Сұлтан Зауырбек кәсіпқой бокстағы 18-ші жеңісіне қол жеткізді.

Фото: sultanzaurbek

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!